Жүргізуші қандай жағдайда құқығынан біржола айырылады?
Жүргізуші қандай жағдайда құқығынан біржола айырылады?
5 жыл бұрын 2086 baribar.kz Kaztv.kaztrk.kz

Жол-көлік оқиғасынан адам өлімі болса және жүргізушінің мас күйде көлік айдау фактісі қайталанса, куәлігінен өмір бойы айырылуы мүмкін. 

Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының ережесін түсіндірді. Заң жобасы мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды көздейді.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз. Қазіргі уақытта апаттан адам өлімі болса, жүргізуші сау немесе мас болғанына қарамастан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Енді мұндай қылмыс мас күйінде жасалса, адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылып, 10 жылға дейін сотталуы мүмкін, – деді Марат Ахметжанов.

Жол-көлік оқиғасы ауыр зардаптарсыз болса да, жүргізуші мас күйінде көлік айдаса, қамауға алу мерзімін ұзаруы мүмкін.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алу мерзімі 30 күнге дейін, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 8 жылға дейін ұзарады. Құқықбұзушылық жасаса немесе мас күйінде көлік айдаса,  8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал қылмыс ауыр болса немесе қайталанса, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады, – деді Марат Ахметжанов.

0 пікір
Мұрағат