Сусамырларға арналған көзілдірік науқастарды жанына бататын процедурадан бөлек тағы бір қатерден құтқарады
Сусамырларға арналған көзілдірік науқастарды жанына бататын процедурадан бөлек тағы бір қатерден құтқарады
4 жыл бұрын 2321 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бразилиялық және америкалық ғалымдар қан құрамындағы қанттың деңгейін өлшеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, науқастың жанына бататын процедурадан құтқаратын көзілдірік жасады. Яғни, сусамыр дертіне шалдыққан науқас күн сайын қан құрамындағы қанттың деңгейін өлшеп отыруы тиіс: ол үшін портативті глюкометрдің көмегімен саусағының ұшын шаншып тексереді. Бұл өз кезегінде адамның жанына бататын процедура болғандықтан аталмыш көзілдірік осынау әурешіліктен құтқарып қоймай, сонымен қатар, саусақ ұшын шаншып тексеру кезінде абайсызда өзге ауруды жұқтырып алуы мүмкін қатерден де құтқарады. Бразилияда жасалған биосенсор глюкозооксидаз деп аталатын, адам ағзасындағы сұйықтықтағы, соның ішінде көз жасындағы ферментті идентификациялай алады. Сан-Паулу университетінің ғалымдары Сан-Диего қаласындағы Калифорния жоғарғы оқу орнының наноинженерия бөліміндегі әріптестерімен бірге кәдімгі көзәйнекті билсенсормен жабдықтаған болатын. Қан құрамындағы қанттың деңгейін анықтау үшін сусамыр дертіне шалдыққан адамның көзі жасаурауы тиіс. Ол үшін адам жанарын тітіркендіретін арнайы құрам болады. Науқастың көз жасы глюкозооксидазға тап болған соң көзілдіріктің кронштейнінде орнатылған микросхемаға берілетін сигнал іске қосылады. Содан соң нақты уақыт аралығында ол смартфонға жөнелтіледі. Биосенсор қан құрамындағы қанттың мөлшерін өлшеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге, түрлі биомаркерлер үшін белоктарды таба алады, оны өз кезегінде обыр секілді өзге де қауіпті ауруларды анықтауға септігін тигізеді. Ол үшін арнайы программа керек. Ғалымдар аталмыш құрылғының алдағы үш жыл ішінде саудаға шығарылатынын айтып отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, әлем бойынша сусамырмен ауыратындар қарасы бүгінгі таңда 380 млн адамға жеткен. Ал 2035 жылы бұл көрсеткіш 580 млн адамға жетпек. Саламатты өмір салтын ұстанбау, артық салмақ қосу, т.б. факторлар сусамыр дертінің өршуіне түрткі болып отырған негізгі себептер.

0 пікір
Мұрағат