Жұмыс берушілердің салығы азаяды
Жұмыс берушілердің салығы азаяды
7 жыл бұрын 2020 7kun.kz kaz.altai.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс берушілерінің салығын азайту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

«Қазіргі кезде арнайы заң жобасы дайын. Соған сәйкес, жұмыс берушілердің әлеуметтік салығы 1,5 пайызға төмендейді. Мысалы, осы уақытқа дейін 11 пайыз төленсе, алдағы уақытта аталған көрсеткіш 9,5 пайыз болады. Сонда жаңағы 1,5 пайыздың есебінен медициналық сақтандыру жарналарын өтеуге болады», — деп атап өтті Жақыпова.

Айта кетейік, ағымдағы жылы шілдеден бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлей бастады. Жұмыс берушілер әзірше жұмысшы жалақысының 1 пайызын төлейді. Алайда аталған жарна 3669 теңгеден аспауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер болса, екі минималды жалақының 5 пайызын аударуы шарт. Ол сомма 2446 теңгеден артық болмауы қажет.

0 пікір
Мұрағат