|
Жер кодексіне бес жылдық мораторий президент жарлығымен бекітілді
|
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлық ҚР Жер кодексінің өзгерістеріне мораторийді бес жылға ұзартты.
ЖАРЛЫҚ
«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы етемін:
- «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат)мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)