Жаңа теміржол желісі тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді
Жаңа теміржол желісі тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді
10 жыл бұрын 3814

Осы жылдың аяғына дейін ашылуы тиіс Қазақстан–Түркіменстан–Иран теміржол дәлізі 2020 жылға қарай 15 млн тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Оны 3 млн тоннасын транзиттік жүк құрайтын болады. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Өзен (Қазақстан)-Қызылқия-Берекет-Этрек (Түркіменстан)-Горган (Иран) теміржол желісі 934,5 шақырымға созылып жатыр. Оның ең көп бөлігі Түркіменстан арқылы өтеді – 722,5 шақырым, Ал Қазақстан аумағы бойынша – 130 шақырым, Иран – 82 шақырым.  Аталған елдер арасындағы тауар айналымы 340 млн доллар мөлшерінде бағаланып отыр. Еліміз осы теміржол желісі арқылы Иран мен Парсы шығанағы елдеріне негізінен астық тасымалдап, экспортттық әлеуетін арттырады. Ал Түркіменстаннан елімізге жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен мұнайгазхимия өнеркәсіп кәсіпорындарының тауарлары ағылатын болады.

0 пікір
Мұрағат