Жайықтан бір тонна өлі балық шығарылды (видео)
Жайықтан бір тонна өлі балық шығарылды (видео)
6 жыл бұрын 3232

Атырауда балықтардың жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі аймақтық инспекциясы Жайық өзенінен су құятын құрылғысы бар барлық мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстағы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жайықта балықтың жаппай қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-бөлігі 6-тармағына сәйкес Атырау облыстық экология департаменті және Атырау қоғамдық денсаулықты қорғау ұйымына Жайық өзеніне су құятын құрылғысы бар барлық мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Қазіргі уақытта өзен өлген балықтардан тазартылып жатыр, шамамен бір тонна балық шығарылды», — деді инспекцияның бас маманы Ақмарал Қаукенов. Осы жағдайға қатысты веломствоаралық комиссия құрылған, оның құрамында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Балық шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің территориялық инспекциясы, сондай-ақ ТЖД өкілдері және қалалық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары кірді.

0 пікір
Мұрағат