Интернетте «жалаңаш» фотоны таратуға қандай жауапкершілік қарастырылған
Интернетте «жалаңаш» фотоны таратуға қандай жауапкершілік қарастырылған
8 жыл бұрын 4279 inform.kz Жасұлан Жолдыбаев

Интернетте «жалаңаш» фотосуреттерді тарату Қазақстан заңнамасы бойынша ұсақ бұзақылық немесе жеке өмірге қол сұғу ретінде қарастырылуы мүмкін. ҚР Ішкі істер министрлігі «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына берген жауабында атап көрсеткеніндей, бұл - фотоны кім таратқанына байланысты. Өзінің «жалаңаш» суреттерін желіге салу Қазақстанда 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасына алып келуі ықтимал. Егер ол бір жылда екінші мәрте қайталанса, бұзақы 15 тәулікке қамалады. Дегенмен, әкімшілік қамауға ілікпейтін азаматтар санаты да бар. Олар: 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, сонымен қатар 58 жасқа дейінгі әйелдер мен 63 жасқа дейінгі ерлер. Егер фотосуретті өзге азамат салған болса, оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 2-ден 5 жылға дейін белгілі лауазымдық қызмет және белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынады. Егер фотосурет өзінің қызметтік бабын пайдалану арқылы немесе пайда көру мақсатында арнайы құрылғылардың арқасында алынған болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР Қылмыстық Кодексінің 147-бабы). Еске сала кетейік, жақында Астанада көлігінің жанында жалаңаш түскен фотосуретін желіге салып жіберген жергілікті азаматшаға 22 690 теңге айыппұл салынды. Сот оның қылығын қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалап, оны жазықты деп тапты. Қыздың өзі болса, фотоны оның жігіті байқаусызда таратып жібергенін айтқан болатын. 

0 пікір
Мұрағат