Ерлан Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды
Ерлан Сағадиев Білім және ғылым министрі болып тағайындалды
9 жыл бұрын 4950 bnews.kz/

«Е.К.Сағадиевті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.

«Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған хабарламада.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев

Туған жылы: 1 ақпан 1966 жыл

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1990)

Мамандығы: Саяси экономия – экономист-оқытушы

Ғылыми атағы: Ғылым магистрі

Еңбек өтілі:

- «Компания ФудМастер» ЖШС бас директоры (1995-2004);

- «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директор (2003-2009);

- Халықаралық университет президенті, Алматы қаласы (2004-2012);

- Қазақстан Республикасы премьер-министрнің штаттан тыс кеңесшісі (12.2007-2008);

- «Инвестициялық қор» АҚ тәуелсіз директоры, Алматы қаласы (2008-2009);

- Халықаралық университет президенті, Алматы қаласы (2009-2012);

- Қазақстан Республикасы премьер-министрнің кеңесшісі (2012-2013);

- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (07.02.2014-08.2014);

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары (13.08.2014-10.07.2015).

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4