Енді тісіңізді жұлдырмайсыз. Қазақстанда жаңа дәрі шықты
Енді тісіңізді жұлдырмайсыз. Қазақстанда жаңа дәрі шықты
7 жыл бұрын 44117 365info.kz naryk.kz

Қазақстанда тісті қалпына келтіретін дәрі ел аумағындағы бірқатар қалаларда қолданыла бастады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «InnoDent» ЖШС директоры Бауыржан Айтуов мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

— Біздің жаңалық тіс жегісінің алғашқы кезеңдерінде тісті бұрғыламай-ақ емдеуге мүмкіндік береді. Технология тіс эмалінің табиғи қайта қалпына келуін имитациялайды. Егер клиникада сіздің немесе балаңыздың тісінен жегінің алғашқы белгісін анықтайтын болса, тіске біздің өнімнің бір тамшысы тісіңізге тамызылады. Бір айдың ішінде тістің сыртқы қабаты қалпына келеді. Өлген тіндер қайта өседі.

Жаңалығымыздың инновациялық тұсы — бұл бір реттік процедура. Тіске пломба салу және тісті тесу қажеттілігі болмайды. Ол 15 минутқа ғана созылады», — деп атап өтті аталмыш өнімді ойлап тапқан Бауыржан Айтуов.

Оның айтуынша, аталмыш технология халық үшін өте қолжетімді және қарапайым пломбалау әдісінен қымбат болмайды.

«Өнімді біз өзіміздің формуламен Швейцарияда жасаймыз. Біз оны Астанада тыстап, ары қарай клиникаларға өткіземіз. Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктен біз инновациялық стартапты қолдау грантын ұтып алдық. Ол қаражат біздің өнімді қаптамаға орау техникасын сатып алуға жұмсалды. Бұл өнім қазіргі уақытта қолжетімді, яғни сіздер клиникаға барып, тиісті ем-дом ала аласыздар.

Алматыда — 35, Астанада — 11 клиникада бар. Сонымен қатар Ресейдің — 15, Украинаның 15 клиникасында қолданылуда. Осы айда біз Шымкентке, Өскеменге оқыту өткізу үшін барамыз. Жыл соңына дейін осы екі қалада шамамен 20 клиникада InnoDent технологиясымен емдеу пайда болады деп болжап отырмыз», — дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, республиканың ең үздік жобалары 25 қараша күні Инновациялық конгресс барысында ұсынылмақ. Ал ең үздіктері келер жылы болатын халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетілетін болады.

Тіс дәрігерлерінің табысы рекордтық деңгейге жетті

2016 жылы Қазақстан стоматологтары шамамен 3 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл Қазақстанда осы саланың соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіші. 

2015 жылмен салыстырғанда тіс дәрігерлерінің таза табысы 40,7 пайызға артты.

Жалпы, денсаулық сақтау саласында өткен жылы 7 млрд теңгенің табысы тіркелді. Ал 2015 жылы сала керісінше 2,6 млрд теңге шығындалған еді.

Тіс дәрігерлерінің табысының артуын сарапшылар халықтың табысының көбеюімен түсіндіреді.

Өткен жылы таза табыс 40 пайыз шамасында ұлғайса, оған дейн бес жыл бойы ең қарқынды өсім 14 пайыздан көтерілмеген еді.

Тіс дәрігерлерінің табысының артуы осы саладағы қызмет құнының қымбаттауына байланысты. Мәселен, былтыр тіс жұлу қызметі 10,5 пайызға қымбаттады.

Былтыр, жалпы республика бойынша Алматы қаласы мен Атырау және Қостанай облыстарында тіс дәрігерлері қарқынды жұмыс істеді.

1 пікір
Мұрағат