Емізулі бала мен ана құқығы
Емізулі бала мен ана құқығы
4 жыл бұрын 4215 Анар Қоныс

Нәрестені 6 айға дейін немесе екі жарым жасқа дейін емізген пайдалы, деп хабарлайды aikyn.kz 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңа кодексте емізулі бала мен ананың құқығын қарастырған. Жалпы, ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясында мемлекетіміздің дамуының басым бағыты ретінде ана мен баланың денсаулығын сақтаудың басымдығы болып табылады.

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес мүше мемлекеттер ата-аналар мен балалардың денсаулығы және тамақтануы жайында құқығын білуге тиіс. Әсіресе, емізулі баланың басқа балалар секілді  тиісті тамақтануға құқылы.

Жалпы, ана сүті – нәресте үшін ең қажетті дүниенің бірі. Ондай сүт балаға қуаттылық пен қорек ететін компоненттерге толы болады. Ол компоненттер әсіресе, нәрестенің алғашқы алты айына немесе екі жасқа дейін ағзада қалыптасатын иммундық және инфекциядан қорғайтын жүйені қалыптастырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәресте жарық дүниеге келісімен алғашқы сағаттың ішінде емізуді ұсынады. Содан сәбиді алты айға дейін немесе екі жасқа дейін емізуге кеңес береді. Ондай баланың өсуі де, дамуы да жақсы болады. Тіпті, ананың өміріне де ықпалы тиеді. Сәбиін екі жарым жасқа дейін емізген ананың сүт безі қатерлі ісігінен және алғашқы 6 айда қалаусыз жүктіліктен қорғайды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры арасындағы ынтымақтастықтың негізгі келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуірдегі №176 Заңына сәйкес, ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық бағдарламасы бойынша сәбиді ана сүтімен толыққанды емізуді қолдап, елеулі мәселенің бірі ретінде көтеруде. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәбиді ана сүтімен емізуді қолдап, соған қатысты жаңа норма енгізді. Енді «жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері» бабына 2 тармақ енгізілді: 

– Кез келген жүкті әйел немесе ана баласын емізуге құқылы. Нәрестені емізуне байланысты барлық жағдай жасалуы тиіс. Мысалы, жүктілік пен босанғанына қарай демалыс, шақалақты тамақтандыруына қосымша үзіліс, жұмыс уақыты қыстартылуы тиіс. Медициналық ұйымдарда ананы кезектен тыс қызмет көрсетуі, қажетінде ана мен бала бөлмесінің қызметтерін пайдалануына болады;

– Алты айға немесе екі жасқа дейінгі баланы емізудің артықшылығын мен пайдасын халықты ақпараттандыру қажет.

Сәдуова Жанар Жұмажанқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің аурудың алдын алу басқарма жетекшісі

0 пікір
Мұрағат