|
Еліміздің барлық аймағында азаматтарға төлқұжат қолжетімді болмақ
|
Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі дүйсенбіде қазақстандықтардың ендігі жерде еліміздің кез келген түкпірінде төлқұжат немесе жеке бас куәлігін ала алатынын хабарлады. Төлқұжаты немесе жеке бас куәлігі жоғалған, мерзімі аяқталған, аты-жөнін ауыстырғысы келген, жыртылып, су немесе от тиіп жарамсыз болып қалған, т.б. жағдайда тіркелген жеріне жету үшін жолға уақытын шығындап, қаражатын шығарып, әуре болып жатпайды. Өзі тұрып жатқан елді-мекеннің «Халыққа қызмет көрсету орталығына» барып арыз жазса болғаны. Бұдан былай төлқұжатты немесе жеке бас куәлігін рәсімделген жерден тікелей алатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)