Еліміздің ауыл шаруашылығына ислам қаржысы енгізіледі
|
Қазақстанда ауыл шаруашылығына ислам қаржысын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы КазТАГ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қазақстанда исламдық қаржы құралдарын зерделеу және қолдану бойынша жұмысты жандандыру қажет, оның ішінде сукук - капиталды тартудың және инвестициялық қызметті қаржыландырудың маңызды құралдарының бірі» деп мәлімдеді Астана қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (IOFS) мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бірігіп өткізген семинарда ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. Министрдің айтуынша, мұндай шара, дәлірегі, Қазақстанның болашағы зор осындай нарыққа шығуы өз кезегінде елдің ауыл шаруашылық саласына қаржы тартудың қосымша мүмкіндіктеріне жол ашады. Дерек бойынша агро-өнеркәсіп кешеніне тартылатын инвестиция мөлшері төрт есеге дейін, яғни, 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі мүмкін.