Еліміздегі криптовалютаның сұр айналымы 14 млрд доллардан асып кеткен
Еліміздегі криптовалютаның сұр айналымы 14 млрд доллардан асып кеткен
5 күн бұрын 546 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан Республикасы парламентінің мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева еліміздегі криптовалютаның жылдық айналымы 15,5 млрд долларға жеткенін, алайда, бұл қаражаттың тек шамамен 9%-ы ғана “Астана” халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, лицензияланған платформа арқылы өтетінін , ал қалған 14 млрд доллары реттеу тетігінен тыс алаңда жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депутат 2022 жылдан бастап қолданылып келе жатқан криптовалюта операцияларын шектеу шарасының сұр нарықтың өсуіне ықпал етіп келе жатқанын атап өтті. Пайдаланушылар заңсыз қызметтерге жүгінуге мәжбүр, оның пікірінше, бұл жайт цифрлық активтер нарығында «жасанды вакуум» тудырады немесе қалыптастырады. Сонымен қатар, ол қолданыстағы айыппұл жүйесінің тиімсіздігіне назар аударды: криптовалюта айырбастаушыларға салынған 5-6 млрд теңге сомасындағы айыппұл жиналмай қалып отыр. Депутаттың айтуынша, бұл шара кінәлі тарап үшін  іс жүзінде «өмір бойы қаржылай жазаға» теңестіріледі. Бұл күрмеуі көп күрделі істің шешімң ретінде ол жеке тұлғалардың лицензияланған платформалардағы қызметін заңдастыруды, криптовалюта операторларының санын арттыруды, сондай-ақ, нарықтың жосықсыз қатысушыларына қадағалауды күшейте отырып, қарапайым пайдаланушылардың қылмыстық қудалау деңгейін төмендетуді ұсынды. Бұған қоса, ол цифрлық кодексті жедел қабылдауды және Қазақстанға блокчейн экономикасы саласында жетекші орын алуға көмектесетін тәжірибелік, құқықтық режимдерді енгізуді ұсынды.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4