Еліміздегі ішкі миграция 60 753 адамды құраған
|
Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақстан аумағында көшіп-қонушылар саны 60 753 адамға жетіп, 19,5 пайызға көбейген. Бұл туралы қаңтардың 14-і күні журналистермен кездескен Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
– Көші-қон полициясы органдары ұсынған мәліметтер бойынша, 2014 жылғы қаңтар-қарашада елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2013 жылмен салыстырғанда 31,4% (15 185 адам) кеміген. Ал, көшіп-қонушылардың тіркелу саны 18,8% артып, 26 869 адамды құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД аумағымен байланысты. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі тиісінше, 88,4% және 90,2% пайыз көлемінде, – дейді Ә. Смайылов.
Комитет төрағасының ресми дерегі бойынша, өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 43,8% (43,2%) тиесілі. Қарастырылып отырған кезеңде 2013 жылға қарағанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 60 753 адамға немесе 19,5% көбейді. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (20 057 адам), Астана (16 679 адам), қалаларында және Маңғыстау (850 адам), Қарағанды (581 адам), Атырау (342 адам) облыстарында қалыптасқан.