Елімізде тұзданған жер көлемі ұлғайып барады
Елімізде тұзданған жер көлемі ұлғайып барады
2 ай бұрын 588 24.kz Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

Соңғы 30 жылда елде тұзданған жер көлемінің 30 пайызға артқанын хабарлады 24.kz

Бұл ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін көрсеткіш. Топырақтың құнарсыздануы тек бізде емес, бүкіл әлемде байқалып отыр. Осы өткір мәселе Алматыда өткен халықаралық конференция өзегіне айналды. Жиынды Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Басқосуға әлемнің 10-ға жуық елінен 200-ден аса сарапшы мен ауыл шаруашылығы мамандары жиналып, жердің болашағы мен азық-түлік қауіпсіздігі жайын талқылады. Елімізде жыл өткен сайын топырақтың құнарлығы төмендеп барады. Осыдан 50 жыл бұрын мал азығы, астық, жеміс-жидек, көнөніс аса құнарлы жерден алынатын.

«Соған орай сапасы да жоғары еді. Ал қазір тыңайтқышсыз өнім алу мүмкін емес», дейді ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, топырақ қабатының нашарлауына себеп көп. Оған бірінші кезекте климаттың өзгеруі әсер етіп отыр. 

Самат Тәңірбергенов, "Қазақ топырақтану және агрохимия" ҒЗИ Басқарма төрағасының орынбасары:  - Антропогендік факторлардың әсері, шаруаларымыз осы жердің иегерлері дұрыс пайданланбауынан және басқа да себептері көп. Оған климаттың өзгеруін қосыңыз. 2103 Топырақтың құнарлығының төмендеуінің бір себебі монокультураларды еге беру, бір культураны еге беру арқасынан, ол жерге қажетті тыңайтқыштарды бермеуі себебінен, агротехникалық талаптарды сақтамауынан осындай себептерге алып келеді.

Соңғы кезде, әсіресе, Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында тұзданған сурамалы жерлер көбейген. Мұндай жерде өсімдік өспейді. Сондықтан жаңа технология керек. Біздің ғалымдар тұқымды өңдеп барып себу керек, дейді. Ал Қытайда жерді сордан арылту үшін сексеуіл, соршөп пен мияны егеді. Мұны бізде де қолданады. Бірақ, жаппай емес. 

Джан Юанмин, Синьцзян экология және география нститутының директоры /ҚХР/: - Біз осы өсімдіктерді Шыңжан өлкесінде ектік. Нәтижесі жаман емес. 2-3 жылда топырақ құрамының жақсарғанын байқадық. Оған қоса тамшылатып суғару әдісін пайдаланған жөн. Осы екі технологияны біріктіріп қолданатын болсақ айтарлықтай көрсеткішке жетуге болады. Қазақстан мен Қытайдың ауа рай мен табиғаты ұқсас. Сондықтан ғалымдарымыз бұл бағытта бірігіп жұмыс істегені дұрыс. 

Академик Теміржан Айтбаев ең алдымен «Топырақты қорғау туралы заң жобасын» тездетіп қабылдау қажет дейді. Сонда жер пайдаланушыларды, яғни бағбанды, диқанды, шаруаны бақылауға алып, олардың не сеуіп, қандай дәрі пайдаланғанын қадағалауға болады, дейді.

Теміржан Айтбаев, "Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы" ҒЗИ Басқарма төрағасы:  - Біз көп жыл кешігіп қалдық. Ал енді бұл заң кешіктіруді күтпейді. Бар нәрсе жерден басталады. Жер деген тіршіліктің көзі, жердің  топырақтың құнарлығы тіршілік нәрі. Сондықтан біз егер азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Біз еліміздің азық түлік қаупісздігін қаматамасыз ете алмаймыз егер бірінші кезекте топыраққа назар аудармасақ.

Тозған жерге тыңайтқыш бере бергеннен топырақ ластана түседі. Егіншіліктің органикалық түріне ауысқан жөн. Бізде жаңа технологиялар жоқ емес. Бірақ оны әлі де жетілдіре түсу қажет. Қаржыландыру мәселесі тағы бар. Салаға мамандар тарту керек. Әзірге «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

0 пікір
Мұрағат