Елімізде саусақ ізімен төлемді жүзеге асыратын жүйе жасалды
Елімізде саусақ ізімен төлемді жүзеге асыратын жүйе жасалды
10 жыл бұрын 3531

Елімізде саусақ ізімен төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе жасалды. Бұл жайында аталмыш жоб авторларының бірі Бақытжан Дос Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісіне хабарлады. Бұл тәсіл өз кезегінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда осы жүйені пайдаланған адамның қауіпсіз жолмен төлемді жүзеге асыруына көмектеседі. Әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда банк карточкасы қолданылады. Ғаламтор дүкені арқылы сауда жасайтындар интернет-банкинг жүйесінің көмегіне жүгінеді. Төлемдердің бір бөлігі осылайша жүзеге асады. Сондай-ақ, картаға қалта телефонын жалғауға мүмкіндік беретін NFC технологиясы да біртіндеп енгізіліп келеді. FinPay стартап авторлары түсіндіргендей, саусақ ізімен төлемді жүзеге асыратындарға қосымша құрылғылардың қажеті болмай қалады. Ең бастысы, сатушының қолында тиісті қосымшасы бар қалта телефоны болса жетіп жатыр. Дактилоскоптық мәліметтер пайдаланушыға жүйеде автоматты түрде іске қосылу үшін керек. Қаражат қорғалған арна арқылы банк жүйесі арқылы өтеді. Әдеттегі карточкадағы секілді. Төлем барысын қалта телефоны немесе компьютер көмегімен көруге болады. Қызметтің бұл түрін пайдаланғысы келген клиент банк карточкасына саусақ ізін қалдыру үшін жүйеге алдын ала тіркелуі керек. Жоба авторларының айтуынша, өздерінде саусақ іздерін санауға әрі мәліметтерді банк карточкасымен байланыстыра өңдеуге мүмкіндік беретін керек-жарақтар мен мобилді қосымша бар. Сонымен қатар, олар еліміздегі бірқатар банк мекемелерімен аталмыш технологияны сынақтан өткізу жөнінде келісімге келген. Осынау жоба авторлары Echelon байқауына қатысып, Сингапурде жобаларын ұсынып көреді.

0 пікір
Мұрағат