Елімізде отбасылық дәрігер тәжірибесі енгізіледі
Елімізде отбасылық дәрігер тәжірибесі енгізіледі
10 жыл бұрын 3744

Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің бастамасымен өткен отбасылық дәрігерлердің республикалық екінші құрылтайында «Салауатты Қазақстан» деп аталатын мемлекеттік бағдарламасы аясында отбасылық медицина тақырыбы қозғалды. 24.kz ақпарат көзінің хабарына қарағанда, дәл осы Ақтөбе қаласында бұл тәжірибе жолға қойылып, отбасы дәрігерлері даярланады. Мұнда осы мақсатта 1997 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келе жатқан арнайы мамандандырылған емхана да бар. Бесаспап дәрігерлер тыныс алу, ас қорыту жолдарындағы, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі кінәраттарды және балалар сырқатын тап басып, емдеуді үйренуде. Бұған қоса, олар акушерлік дағдыларды да меңгерген. Аталмыш оқу ордасының ректоры Ербол Бекмұханбетовтың айтуынша, жыл сайын осынау жоғары оқу орнынын аяқтаған 500 түлектің жартысынан көбісі отбасылық медицина саласына кетеді екен. 

0 пікір
Мұрағат