Елімізде лейкоз дертіне шалдыққан балалар саны көбейген
Елімізде лейкоз дертіне шалдыққан балалар саны көбейген
10 жыл бұрын 4948

Қазақстанда онкологиялық дертке душар болған балалар көбейіп барады. Әсіресе, ақ қан түйіршігіне шалдыққандар қатары бірнеше есе артқан. Бұл жайында nur.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  

Мәселен, былтыр бірден 192 жеткіншекке қатерлі "лейкоз" диагнозы қойылған. Бұған дейін бұл сан 130-дан аспай келген екен. Сондай-ақ, елде қажетті деңгейде донор қоры да жиналар емес. Екі жыл ішінде отандық хирургтер небәрі 34 науқастың жілік майын ауыстыра алған.

6 жасар Самир Алматыдағы балалар хирургиясы Ұлттық ғылыми орталығында ем алып жатқан 50-ге жуық кішкентай науқастың бірі. Жеткіншекке былтыр "лейкоз" диагнозы қойылған. Тек дер кезінде анықталғандықтан, ісік жасушасы өлтірілген. Енді бірер күнде Самирдің үйіне оралуына рұқсат берілмек.

Бұл ауруды естіген кезде,есеңгіреп қалдым. Бірақ қызым мықты екен. Кейде мені де жігерлендіреді.

"Өте ауыр халде түсіп едік. Қазір жақсарып қалдық. 6 мәрте химиялық ем алдық. Соңғы анализі ісік жасушаларының өлгенін көрсетті. Енді емімізді үйде екі жылдық бақылаумен жалғастырамыз. Шынын айтайын, лейкоз деген өте қорқынышты ауру екен", - дейді Самирдің анасы Фируза Шагалеева.

Ал 7 жасар Лиза орталыққа 5 қаңтарда келіп түскен. Самирмен салыстарғанда оның дерті анағұрлым ауырлау. Лейкоздың "лимфобласттық" түріне шалдыққан. Ол да ең алдымен химиялық ем алуда.

"Бұл ауруды естіген кезде, есеңгіреп қалдым. Бірақ қызым мықты екен. Кейде мені де жігерлендіреді. Жаман ойдан арылу үшін қолөнермен де шұғылданып жатырмыз. Қызым ұзақ емделу қажет екенін түсінеді. Ауруды жеңеміз деген сенімдеміз",  - дейді Лизаның анасы Юлия Гаврилюк.

Лиза қазір онкология саласына жаңадан еңгізілген био жүйелік әдіспен емделіп жатыр. Егер сәтті шықса, химиятерапияға тәуелді болмауы да мүмкін.

Лейкоздың қатерлі түрімен күрес медицинада био және химиядан кейін тарнсплантациялық әдіспен де жасалады. Яғни, жілік майын ауыстыру арқылы. Жасушаға жасалатын күрделі оперцияны қазір қазақ дәрігерлері де иегерген. Әйтпесе, трансплатацияның ақысы сырт елде тым қымбатқа шығуда. Мәселен, Израильде оның құны – 350 мың долларға дейін шарықтайды екен.

"Біз қазір сырт елге науқастарды тек туыстық донор табылмаған жағдайда ғана жіберіп жатырмыз. Өйткені қазір трансплантациялық отаны донор табылса, отандық дәрігерлерде жасай алады. Қазір біз Қазақстанда донорлық база құрып жатырмыз. Екі жыл ішінде 20 балаға осындай ота жасалды. Тағы 15-іне сырт елде өткізілді", - дейді Педиатрия және балалар хирургиясы Ұлттық ғылыми орталығының директоры  Риза Боранбаева.

Қазір трансплантациялық отаны донор табылса, отандық дәрігерлерде жасай алады. Қазақстанда донорлық база құрып жатырмыз.

Бірақ иммундық сәйкестігі теңеспесе, лейкозға кез-келген адам ағзасы да жарай бермейді. Тіпті гендік жақындығы болса да. Сондықтан донор мәселесі жалпы әлемде тапшы. Кезек күткендер мыңдап саналады. Әзірге лейкозға қарсы басты ем – химиятерапия күшінде қала бермек.

Есепке жүгінсек, елімізде жылына 600-700-ге жуық бала түрлі онкологиялық дертке шалдығады екен. Соның 130-ға таяуын осы лейкоз сырқатының еншісінде. Өйткен 10 жылдықпен салыстырғанда, бүгінде отандық медицина бұл дертті жеңуіге қауқарлы. Сондықтан өлім саны да анағұрлы азайған.

0 пікір
Мұрағат