Елімізде діни әдебиетті міндетті діни сараптамадан өткізу талабы енгізілмекші
Елімізде діни әдебиетті міндетті діни сараптамадан өткізу талабы енгізілмекші
8 жыл бұрын 2230

Елімізде діни әдебиетті  міндетті діни сараптамадан өткізу талабы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. 

«Заңнама аясында діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды тасымалдау, дайындау, шығару және таратуға бақылауды күшейту ұсынылып отыр», – деді министр.

Оның айтуынша, заңға ереже енгізу ұсынылуда. Соған сәйкес елімізде шығарылатын және таратылатын кез-келген діни әдебиет міндетті түрде діни сараптамадан өтуі тиіс болады.

«Бұған дейін бұл талап тек елімізге тасымалданатын діни әдебиетке қатысты болып келді. Сонымен қатар, тек жеке пайдаланатын жалғыз-дара діни әдебиетті ғана елімізге сараптамасыз тасымалдауға болады. Бұрын жеке пайдаланатын діни әдебиет заңмен реттелмеген еді»,– деп түсіндірді ведомство басшысы.

А.Мұхамедиұлы ұсынылып отырған түзетулер экстремистік мазмұндағы діни материалдарды анықтау жүйесін күшейтеді деп атады. 

0 пікір
Мұрағат