Елімізде армян, қырғыз және ресейлік көліктердің қозғалысына тыйым салынуы мүмкін. Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ
|
Елімізде шетелдік нөмірлі көліктердің қозғалысына тыйым салынуы мүмкін. Бұл жайында jasqazaq.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, ресейлік, армян және қырғыз нөмірлі көліктің жүргізушілері жиі жол ережесін бұзады.
Оларды жазалауға болмайды, себебі, Қазақстанда тіркелмеген.
Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендерді қылмыстық жауапқа тартпақ
Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендерді қылмыстық жауапқа тарту керек. Бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Көлік жүргізу құқынан айырылған кейбір жүргізушілер заңға бағынбай жатады. Сондықтан құжатсыз көлік тізгіндейтіндерге жазаны күшейтуді ұсынамын. Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырады», - дейді Тұрғымбаев.
Бүгінгі таңда жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер көлік тізгіндеген жағдайда, 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Ендігі бұл сома 50 мың теңгеге дейін жетуі ықтимал. Себебі елімізде жол ережесін ескермей, көлікті құжатсыз жүргізетіндер көбейіпті. Олардың дені рөлге мас күйінде отыратын көрінеді. Осы себепті ішімдік ішкен күйінде екінші рет көлік тізгіндегендерге қатысты жазаны да күшейту ұсынылуда. Министр мұндай жүргізушілерді қылмыстық жазаға тарту керектігін айтты.
Сонымен қатар ІІМ орташа жылдамдықтан асырған жүргізушілерге жауапкершілік енгізуді ұсынды.