Елімізде алғашқы шариғи, цифрлы Tayyab картасы іске қосылды
Елімізде алғашқы шариғи, цифрлы Tayyab картасы іске қосылды
3 жыл бұрын 2371 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Картадағы қалдық ақша пайыздық табыс алуға пайдаланылмайды және оған пайыз есептелмейді. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Оның ислам қаржысының принциптеріне сәйкестігі Саудиядағы Shariyah Review Bureau халықаралық шариғи кеңес пен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан расталған. Картаны смартфоныңызға Apple store-дегі Tayyab  немесе Play market мобилді қосымшаларын орнату арқылы бір минут ішінде іске қоса аласыз. Бірден күллі әлем бойынша, яғни, әлемнің кез келген жеріне ақша аудара аласыз немесе төлемді жүзеге асыра аласыз Apple pay және Samsung pay әмияндарын пайдалана отырып. Қажет болған жағдайда VISA пластикалық картасына тапсырыс бере аласыз. Ақшаны төрт валютада, атап айтқанда, теңге, доллар, еуро және рубл түрінде сақтауға болады. Оны әлемнің кез келген банкоматында қолма-қол ақшаға айналдыра аласыз. Картаны еліміздегі Tayyab ислами финтех Bank RBK қаржы мекемесімен және VISA төлем жүйесімен бірігіп отырып, іске қосты. Tayyab-тың негізгі институционалды инвесторларының бірі - Dubai Fintech Ventures венчурлық қоры. Tayyab өкілі Данияр Оспановтың айтуынша, соңғы әлемдік трендке сәйкесTayyab қосымшасында сізге жақын маңдағы мешіт пен намазхана және халал кафе мекен-жайын таба аласыз. Сондай-ақ, қосымшада намаз уақыттары, Құбыла компасы, зікір санаушы, зекет калькуляторы секілді мұсылман адамға қажетті ақпараттар табылады. Tayyab казинода, құмар ойынханада немесе лоторея бизнесінде, тек алкоголды әрі темекі өнімдері сатылатын арнайы дүкендерде пайдалануға арналмаған. Сондай-ақ, түнгі клуб пен барларға да қолдануға болмайды. Аталған жобаның іске қосылу кезеңі биылғы Құрбан айттың алғашқы күніне орайластырылған. Толығырақ ақпарат алғыңыз келсе: www.tayyab.kz

0 пікір
Мұрағат