Елімізде 3 мыңға жуық адам бүйрек ауыстыруға мұқтаж
Елімізде 3 мыңға жуық адам бүйрек ауыстыруға мұқтаж
10 жыл бұрын 3441 khabar.kz

Бұл мәліметтерді Семейде өткен семинар-кеңесте Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының мамандары келтірді. Жиында бүйрек ауыстыру мен науқастарды операциядан кейін оңалту мәселелері сөз болды.  Ұлттық хирургия орталығының дәрігерлері семейлік әріптестеріне ғылымдағы соңғы жетістіктер жайында әңгімелеп, тәжірибе бөлісті.  Айта кетейік, 3-4 жыл бұрын ғана қазақстандық науқастар емделу үшін шетел асуға мәжбүр болатын. Қазір күрделі операциялардың бұл түрі елімізде, дәлірек айтсақ, Астана мен Алматы қалаларында да жасалады.  Думан Медеуов, Семейдегі бүйрек орталығының директоры  -Біздің орталықта 70-тен астам ауру жатыр. Олардың бүйрек қызметі жұмыс істемей тұр немесе өте нашар істейді. Осы кісілер бәрі гемодиализде, тегін әрине. 95 төсекті орталық жұмыс істейді. Аурулардың ішінде 4-5 адамды біз бүйрек ауыстыру бағытында келісімшартпен Алматыға хирургия орталығына ауыстырамыз деген ойдамыз.

 

0 пікір
Мұрағат