ЕЛДЕ 97 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТҚАН
ЕЛДЕ 97 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТҚАН
9 ай бұрын 1283 24.kz Жандос Жұмабек, Ербоат Әбіш, Қуаныш Әбуов

Нәтижесінде қылмыс саны күрт төмендеді. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады.

Тіпті, кейбір елді мекенде кейінгі 3 жылда ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеген. Тәртіп сақшылары мұндай ауылда балалар алаңсыз ойнап, өзін қауіпсіз сезінетінін айтады.

«Алдағы уақытта тиімді тәжірибені өзгелерге үлгі ретінде ұсынамыз», - дейді олар.

Мерей Алиев Ордабасы ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Ауданда 7 жылдан бері қызмет істейді. Күнделікті жұмысы өзіне сеніп тапсырылған әкімшілік аумақты шолып шығудан басталады. Тәжірибелі полицейдің айтуынша, қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындармен тығыз қарым-қанытас орнату маңызды .

Мерей Алиев, учаскелік инспектор: - Үш учаскелк полиция инспекторы 14800 халыққа қызмет атқарамыз. 2023 жылдан бері осы бізде Төреарық және Көлтоған деген ауылдарда спирттік ішімдікпен байланысқан тәртіпсіздік, отбасылқ жанжалдар мүлдем болған емес. сол себепті біз ауыл билеріменкүнделікті бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды жүргіземіз. Ауылға бір пайдамыз тисін деп кәсіпкерлер өздері спирттік ішімдік сатудан бас тартты.

Мерей Әлиев қызмет ететін Ордабасы ауданында 5 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Мұндағы дүкендер мен кафелерде де ащы су сатылмайды. Соның нәтижесінде ауылда қылмыс, отбасылық жанжал, ұрлық-қарлық тыйылған. Тұрғындардың айтуынша, жастар да кешқұрым бей-берекет көшеге шықпайды. Бұған берекесі кірген ауылдың үлкендері дән риза.

Ауыл жұрты кез келген мәселе бойынша бірден тәртіп сақшыларына жүгінеді. Ауылға бейтаныс адам, бөтен мал кіріп кетсе де полицияны құлағдар етеді. Тәртіп сақшылары да арақсыз ауыл жобасының тиімділігін түсіндіруден жалыққан емес. Жалпы бүгінге дейін еліміз бойынша 97 ауыл ішімдіктен бас тартыпты.

Азамат Құрымбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары: - Қазіргі таңда бұл ауылдар Қарағанды облысында 50 ауыл, түркістан облысында 7 ауыл, ішімдіксіз ауыл болып саналады. Қостанай облысында 6 ауыл, Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облысында 5 ауылан бар. бұл ауылдар да қылмыс тіркелмеген және әкімшілік құқық бұзушылықтың саны азайған.

Полицейлердің айтуынша, ауылда ащы суға құмарлардың саны азайған сайын, онда тұру қауіпсіз болады. Мұны ресми деректер де растайды. Есесіне ішімдіксіз ауылдарда спортпен шұғылданатын жастардың қатары артып келеді. Мамандар шалғайдағы ауыл тұрғындарының бұл ісі көпке үлгі екенін айтады. Сондықтан «ішімдіксіз ауыл» жобасы жалғасады.    

 

0 пікір
Мұрағат