Елбасы Алматыда зәулім мешіттің іргетасын қалады (ФОТО)
|
Елбасы 7 мың адамдық мешіт құрылысының жобасымен танысты, сондай-ақ қаладағы діни конфессия және зиялы қауыммен кездесті.
Мемлекет басшысын құрылыс алаңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сонымен қатар, шараға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, бас архитектор Жарылғап Қазыбек және шығармашылық иелері қарсы алды.
Құрылысы жоспарланған ғимараттың жалпы алаңы - 16 мың шаршы метр. Архитектуралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ шеберхана мен дүкендер кіреді.
ҚМДБ баспасөз қызметі