Ел жаңалықтары: Қазы айналдыратын комбинат
Ел жаңалықтары: Қазы айналдыратын комбинат
10 жыл бұрын 4678

Baq.kz ақпарат көзінің «Айқын» басылымына сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда шұжықтың ондаған түрін шығаратын «Silla» ет өңдеу комбинатындағы жұмыс бір сәтке де тоқтаған емес. Мұнда айына 180 тонна ет өнімдері шығарылады. Тауық, сиыр етінен өзге жылқы етінен қазы айналдырылады.  

Отандық өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары. Әсіресе, ұлттық мерекелерде сатып алушылар қатары еселенеді.

Ақтөбе қаласындағы «Silla» ет өң­деу комбинатының жұмысы осы­дан 6 жыл бұрын басталды. Ком­би­нат алғашқы кезде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың көмегіне жүгініп, жеңіл­дік­пен несие алған. Содан бері жылына 1700 тонна ет өнімдерін шығарып ке­леді. Көпшіліктің көңілінен шық­қан ет комбинатының өнімдері қазір қа­ланың ғана емес, облыс тұрғын­да­ры­ның сынынан сүрінбей өтіп, күн­делікті тұтынатын тауарларына ай­налған. Сапалы өнімнің сұранысы жо­ғары болғандықтан, 900-ден астам дү­кен, супермаркеттердің сөресінен осы комбинаттың шұжықтарын кө­руге болады. Зертхана қызметкері Дә­ме Жақыпованың айтуынша, кел­ген ет міндетті түрде күн сайын са­раптамадан өтеді. Әрі қарай «ши­кізат таза» деген мөр басылып, шұ­жық шығарылатын цехқа жіберіледі. «Қазір ет комбинатында шұжықтың ондаған түрі, ысталған тауық еті мен тұш­пара дайындалады. Сиыр, шош­қа мен жылқы еті қаладағы ірі мал соятын цехтардан әкелінеді. Цехта сараптамадан өткен етті комбинат зертханасы тағы бір тексеріп шы­ға­ды. Мұндағы зертхана 3 жыл бұрын ашылды» дейді ол.

Комбинатта пісірілген, ыс­тал­ған, жартылай ысталған шұжық­тар­мен бірге, тұздалған ірі қара ет қақ­­­талып дайындалады екен. Мұн­дай өнімдердің 50-ден астам түрі бар. Тіпті жылқы етінен қазы да ай­налдырды. Бұл жергілікті сұраныстан соң туған ой, ұтқыр шешім болды. Сонымен қатар тағы бір цех­та құс еті өңделеді. Мұндағы та­уық еті жергілікті құс шаруа­шы­лық­тарынан әкелінеді. Айына 180 тонна ет өнімдері дүкен сөрелеріне жет­кі­зі­леді. Шикізатты дайын өнімге ай­­налдыратын техника Австриядан әкелінген. Құрал-жабдықтар жар­ты­лай автоматтандырылған тәртіппен жұ­мыс істейді.

– Сапасы жақсы, өзіміз қол­да­на­мыз. Біз осы жерде ыстаймыз, көп­теген тағамдар жасаймыз. Зерт­ха­надан келген еттің бәрі тек­се­ріл­ген. Сондықтан еш ойланбастан жұ­мысқа кірісіп, еттен дайын өнім шы­ғарамыз, – дейді комбинат жұ­мыс­шысы Айгүл Әбдіраманова. Қа­зір мұнда 86 адам жұмыс істейді. Кө­бі 5-6 жылдан бері еңбек етіп жүр. Цех жұмысшыларымен қатар, мар­кетинг саласында қызмет ететіндер бар. Комбинаттың өзіне қарасты 3 дү­кен болса, қала ішінде 900 азық-тү­лік дүкенімен әріптестік қарым-қа­тынас орнатылған. Тасымалдауда еш қиындық жоқ. Кәсіпорынның өз көлік паркі жасақталып, мұнда 19 автокөлік тасымалдаумен айналы­сады. Комбинаттың алдағы жоспары – шетел нарығына шығу, Қазақ­стан­да жасалған дәмді шұжықтарды сату. Бұл үшін алдымен ішкі сұра­ныс­ты қамтып, артылғанын шетел асыру жоспарланған. Арнайы ма­мандар серіктес іздеп, көршілес, алыс шетел мамандарымен келісім жүр­гізіп жатыр.  

 

Елімізге белгілі тұлғалар «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының басталды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев, қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин, «Қадыр Мырзалиев» қорының төрағасы Донеділ Қажымов, Олимпиада чемпиондары – Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко сынды елге белгілі азаматтар, коллекционерлер, танымал тұлғалардың ұрпақтары, спортшылар, жеке адамдар қатысады.
Шара мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін Ұлттық музейге тапсыруға үндеу.
Шарты: «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысушы өзінің коллекциясындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды. Барлық сый-тартуларға (жәдігерлерге) заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады. Сый-тартулар негізінде Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылады. Акция жыл бойы жүргізіліп, биылғы жылдың желтоқсан айында қорытындыланады.

 

Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау, түсік жасату және ажырасу бойынша бірінші орында тұр

Отандық психологтар елімізде отбасы институтын ашу қажет деген пікірде. Себебі, бүгінгі жастар жанұя құруға көбіне дайын емес. Бұл туралы nur.kz ақпарат көзі "Таң" телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Осының салдарынан Қазақстанда суицид пен ажырасу, аборт жасату фактілері жиілеп кетті. Ата-аналар бала тәрбиесіне де аса жауапкершілік танытып жатқан жоқ дейді шымкенттік педагог-психологтар. Қазақстан суицид, аборт жасату және ажырасу бойынша Орта Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Ал жасөспірімдер ештеңеге дайын емес. Жастарды жанұялық өмірге дайындау үшін бізге отбасы институты қажет. Сонда оларды жұптық өмірдің қыр-сырына үйрететін боламыз, дейді психолог Гүлмира Ілиясова. Отбасындағы бала тәрбиесін он жылдан бері зерттеп жүрген ол отбасылардың 4 түрі болатынын айтты. Соның тек соңғысы, яғни кемел отбасынан тәуір ұл-қыз шығады. Бірақ, ондай отбасылар біздің қоғамда аз. Аталмыш институт солардың қатарын көбейту үшін қажет дейді. Жұмысбасты ата-ана бүгінде бала тәрбиесіне уақыт жоқ десе, жұмыссызы әлеуметтік жағдайын айтып ақталады. Ал ана мен әкенің сүйіспеншілігіне тоймаған жастар өмірдің рахатын темекі, ішімдік, есірткіден іздейді. Өйткені, оларға қол жеткізу қазір де қиын емес. Психатропты заттарға басы айналған балалардың қылмысқа барары сөзсіз дейді  "Жастар біздің болашағымыз" атты семинарға жиылған ұстаздар.

0 пікір
Мұрағат