Ел жаңалықтары: Қазақстанда таптық теңсіздік күшейіп келеді. Байлардың жалақысы кедейлердікінен 6 есеге артық
Ел жаңалықтары: Қазақстанда таптық теңсіздік күшейіп келеді. Байлардың жалақысы кедейлердікінен 6 есеге артық
8 жыл бұрын 5755 inform.kz

Қазақстанда бай мен кедейдің әлеуметтік жағдайының айырмашылығы жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бұл жайында naryk.kz ақпарат көзі хабар таратты.

2017 жылдың I маусымының қорытындысы бойынша, ең бай деген 10 пайыз адамның табысы ең кедей 10 пайыз халықтың табысынан 5,9 есеге артық болды.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,7 болған еді.

Биыл бай қазақтардың табысы айтарлықтай ұлғайды. Ең бай 10 пайыз халықтың табысы бір жылда 10,9 пайызға артқан. Ал ең кедей 10 пайыздың табысы тек 7,5 пайызға көбейген.

Ең бай 10 пайыз қазақтың байлығы ең кедей 40 пайыз қазақтың байлығынан көп.

Бай мен кедейдің айырмашылығы ең жоғары байқалған өңірлер ШҚО (7 есе), Қарағанды облысы (6,41 есе) және СҚО (6,18 есе).

Ал айырмашылық аз өңірлер Маңғыстау (2,9 есе), Астана (4 есе) және ОҚО (4,13 есе).

Қазақстандық отбасылар неге көп шығынданады?

Қазақстандық отбасылар тамаққа көп қаржы жұмсайтын болған, жалпы тұтыну шығынының 46%-ы азық-түлікке кетеді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Қазақстандық отбасылардың тамаққа жұмсайтын шығыны күн санап артып келеді. 2017 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша, үй шаруашылығындағы жалпы тұтыну шығынында азық-түлікті сатып алуға жұмсалған қаржының үлесі 45,9 пайызды құрады. Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі ең жоғары меже.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-наурызында 44,4 пайыз деңгейінде болған. Ең көп қаржы ет және ет өнімдеріне жұмсалған. Мысалы, 2016 жылғы 1 тоқсанында тұтынушылық бюджеттегі үлесі 14,6 пайыз болса, биыл оның үлесі 15,3 пайызға өскен.

Ал нан мен жарма өнімдеріне — 7,4 пайыз қаражат жұмсалады екен. Бұл көрсеткіш өткен жылы 7,1 пайызды құраған. Нан мен жарманы тұтыну бір жылдың ішінде 0,7 пайызға өскен.

Жалпы бағаның өсуі салдарынан көкөністерге де жұмсалатын қаражат ұлғайған. 2017 жылдың І тоқсанында тұтыну шығыны 3,4 пайыз болды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 3,1 пайызды құраған.

Ал, балық және теңіз өнімдерін сатып алуға қаржы аз жұмсалатын болған. 2016 жылы бұл азық түріне жұмсалатын қаражат жалпы шығынның 1,65 пайызын құраса, 2017 жылы 1,5 пайыз болды. ҚР тұрғындары бұл өнімді 4,6 пайызға аз тұтынады. Бағаның өсуі мен нақты табыстың қысқаруы салдарынан халықтың аз қамтылған бөлігі азық-түлікті шектеуге мәжбүр.

0 пікір
Мұрағат