Екі оттың ортасында қалған Қазақстан...
Екі оттың ортасында қалған Қазақстан...
7 жыл бұрын 5895 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жуырда АҚШ сенатының Ресей Федерациясына қарсы белгілі себеппен, яғни, Қырым түбегін басып алғаны үшін салынған санкцияның Ресей билігінің жүргізіп отырған саясатына байланысты ұлғайтылғанын жақтап, дауыс берген болатын. Дәлірегі, санкцияның кезекті пакеті Ресей мен Иранға қарсы бағытталған. Бұл өз кезегінде, дәлірегі, АҚШ-тың бұл жолғы санкциясы Қазақстан экономикасына өз залалын тигізеді. Тек экономикасына ғана емес, сонымен саяси мүддесіне де нұқсан келтіреді. Нақтырақ айтқанда, санкциялық режим қаржы және мұнай-газ секторына қатысты күшейтілетін болады. Десе де бұл арада мынаны айта кету керек, "баллистикалық және қанатты зымырандарды, ұшқышсыз аппараттарды және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін заңсыз жолмен сатып алған, дайындаған, сондай-ақ, химиялық және бактериологиялық қаруды жетілдірген, онымен қоймай, Ирак аумағында ұрыс салып жүрген "Хезболла" және "ХАМАС" шиттік террористік ұйымдарға, сонымен қатар, Йеменде бүлік шығарған шиттік хусит тайпасына қолдау көрсеткен" Иранға қарағанда РФ-ға қарсы салынған санкцияның салдары ауыр болайын деп тұр. Бұл - бөлек тақырып. Бізді толғандыратыны саяси эәне экономикалық тығыз байланыс орнатқан РФ-ға салынған санкцияның Қазақстанға тигізер әсері. Иранға АҚШ тарапынан эмбарго жарияланғанын да білесіздер. Бұл өз кезегінде Иран мен Қазақстан арасындағы қол жеткізілген ғарышты игеру, инженерлік-техника саласындағы бағдарламаның орындалуына керіс әсерін тигізеді.  АҚШ ресейлік мұнай-газ экспорттайтын құбырларының дамуына (соның ішінде, оны пайдаланушыға, жалға алушыға, технологиялық және ақпараттық қызмет көрсетуге) инвестиция салуға тыйым салып отыр.  Айта кетейік, еліміздің аумағында өндірілетін мұнайдың 76%-ы Еуропаға Ресей территориясы арқылы тасымалданады. 

Анатолий Иванов-Вайскопф (ықшамдалып алынды - ред.)

0 пікір
Мұрағат