Декларация ұсынбаған қазақстандықтар қандай жауапкершілікке тартылады
Декларация ұсынбаған қазақстандықтар қандай жауапкершілікке тартылады
4 ай бұрын 474 inform.kz Марлан Жиембай

Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салықтық режимдерді әкімшілеу департаментінің директор Нұржан Қуандықов декларация ұсынбағандарға қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынады. Жыл ішінде бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін 300 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады», - деді ол.

Осы орайда ол жеке табысқа салықтық бақылау қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Сонымен, біріншіден камералдық бақылау жүргізіледі – жеке тұлғалардың шығындары осылайша бақыланады. Декларацияның бар-жоқтығы тексеріледі. Декларацияда табыс пен мүлікті көрсетпеу және кірісті азайтып көрсету фактісі анықталады. Одан кейін камералық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі», - деді Нұржан Қуандықов.

0 пікір
Мұрағат