Бұқтырмадағы жаңа көпір арқылы бір тәулікте 80 мың көлік қатынайды
Бұқтырмадағы жаңа көпір арқылы бір тәулікте 80 мың көлік қатынайды
26 күн бұрын 441 kaz.inform.kz Фото: ҚР Көлік министрлігі

KAZINFORM — Жуырда ғана ашылған Бұқтырма су қоймасындағы жаңа көпір арқылы бір тәулікте 80 мың көлік қатынайды. Себебі нысан алты ауданның арасын жалғап тұр. Осылайша бір ғана көпір тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық ілгерлеуіне әсер етеді. Ал 60 жыл бойы пароммен қатынаған шығыстағы ағайын бұл оқиғаны тарихи деп сипаттап отыр. Бұл туралы Jibek Joly арнасының жаңалықтарында айтылды.   

4 жыл бұрын құрылысы басталған бұл нысанды аймақ жұрты асыға күтті. Қазір қуаныштарында шек жоқ.

— Енді мына әсіресе шекаралық аудандардың, облыс орталығы мен Семей қаласымен арасындағы қарым-қатынасы дүзеледі деп ойлаймын, — дейді Өскемен қаласының тұрғыны Кәрібек Шопатов. 

Ұзындығы 1 шақырымнан асатын көпір 6 аудан арасындағы алыс берістің көлемін арттырады. Атап айтсақ Самар, Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатон Қарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырды. Мамандар әсіресе кәсіпкерлік пен туризмнің дамуына септігін тигізеді деп отыр.

«Қаншама тауарымызды пароммен өткізіп, бағасы қымбат болып, жолымыз да қымбат, паромнын ар жағында екі үш сағаттан қалып қалатын кездер болатын. Одан қалса паромға симай кешігіп қалып, паром жүрмей қалған кезде Ертістін ары жақ жағасында қалып қалатын едік. Енді міне Құдайға шүкір жолымыз ашық», - деді Күршім ауданының тұрғыны Ляззат Құмарқызы. 

Өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол да салынды. Ал, көпір құрылысы кезінде озық инженерлік технологиялар қолданылған. Сондай-ақ барлық сапа стандартын сақталды.

«Негізі осы көпірге елу жыл гарантия беріледі . Елу жылдан кейн көпірдін сапасы тексеріледі. Егер сапасы төмендеген жағдайда қайтадан өзінің арнайы жұмыстары жүргізіледі. Жолдын сапасы өте жоғаргы деңгейде», - деді инженер Кенжебек Жанұзақов. 

Күршім ауданының әкімі көпірдің ашылуы тарихи оқиға екенін айтады. 

«Бұл іс-шара халықтың жалпы ниетімен іске асып отыр, бүкіл қаражат халықтың өзі жинап, өздерініз көрдініздер ақ түйенің қарны жарылды, бүгін түйе шалынды. Қазіргі кезде көпір салынғанга дейін және көпір салынғаннан кейін деп бөлінетін болады мына Ертістін ары жағында жатқан елді мекендерге», - деді аудан әкімі Алмат Акышов. 

Көпрідің ашылуын аймақ жұрты ерекше атап өтті. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ас берілді. Түрлі ұлттық спорт сайыстары өтіп, концерт ұйымдастырылды.

Бақытгүл Абайқызы

0 пікір
Мұрағат