Бруцеллезге қарсы отандық екпе жасалды
Бруцеллезге қарсы отандық екпе жасалды
3 жыл бұрын 2808 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фотода: Қайсар Табынов

Елімізде ғалымдар ірі қараны бруцеллезден қорғайтын екпе әзірледі. 2013 жылдан бері осы бағытта тер төккен ғалымдардың еңбегі ақталды. Бұл жайында islam.kz порталы zakon.kz ақпарат көзінің орысша редакциясына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 30-ға тарта адам атсалысқан аталмыш жобаның ғылыми жетекшісі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жанындағы Вакционология орталығының жетекшісі Қайсар Табыновтың айтуынша, ғалымдар бұл тарапта инновациялық векторлық екпені жасай алған. Қайсар Табынов тұмау вирусын түрлендіріп, оның әлсірету бойынша белгілі бір процедуралар жүргізгенін тілге тиек ете келе инммуногендік бруцеллез ақуызын істеп шығаратын генетикалық тәсілге жүгінгендерін жеткізді. Аталған екпе сынағы 2018 жылы басталып, 2019 жылдың бас кезінде аяқталған. Қысқасы, бұл екпенің ерекшелігі – бруцеллез ақуызы үшін тұмау вирусы пайдаланылған. Ғалымның сөзіне қарағанда, мұндай тәсіл әлемде алғаш рет қолға алынып отыр. Тәуекелі көп зерттеу болғанына қарамастан ғалымдар көздегеніне қол жеткізе алған. Екпе тиімділігі – орташа есеппен алғанда 60-75%-ды құраған. Осылай деген ол екпе ең алдымен қауіпсіздігімен, экологияғы зиянын тигізбейтіндігімен, буаз жануардың түсік тастауына ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Осы орайда елімізде осыдан табаны күректей 100 жыл бұрын жасалған бруцеллез екпесі (Brucella abortus S19 штамынан алынған) барын айта кетуіміз керек. Оның тиімділігі айтарлықтай болғанымен оны қабылдаған жануар жұққанда пайда болатын антиденеге ұқсас анитденеге ие болады. Осыған байланысты жұқтырған жануардан екпе алғанын ажырату (дифференция жүргізген кезде) кезінде қиындық тудырады.

0 пікір
Мұрағат