Бір қолға берілетін SIM-карта санын шектеу: нөмірді басқа мақсатта пайдаланғандар жазаланады
Бір қолға берілетін SIM-карта санын шектеу: нөмірді басқа мақсатта пайдаланғандар жазаланады
4 күн бұрын 869 kaz.inform.kz 24.kz

KAZINFORM – Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бір адамға сатылатын SIM-картаның санын шектеуге қатысты түсінік берді.

- Осы бастама қазір Мәжілісте депутаттармен бірге талқыланып жатыр. 10 SIM-картадан артық алса, жүйеде қай мақсатпен бұл SIM-карталарды пайдаланатыны айқындалады. Кейбір компаниялар 100 шақты SIM-картаны сатып алып, бір қолға беретінін білеміз, - деді Ж.Мәдиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ж. Мәдиев
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Оның айтуынша, осы проблемамен күресу үшін министрлік тиісті ұсыныстар дайындады.

- Ұялы байланыс операторларында нөмірлерді басқа мақсатта пайдаланып жатқанын анықтайтын мүмкіндіктері бар. Мәселен, SIM-картаны тек автокөлікте пайдалануға алып, осы нөмірді басқа мақсатта қолданып жүрсе, оны трафик бойынша анықтау оңай. Мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастыралады, айыппұл санкциясы енгізілуі мүмкін, - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжіліс Astana Hub пен Инновациялық технологиялар паркін біріктіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Руслан Ғаббасов

Қазақстанда бір қолға берілетін SIM-карта санын шектейтін заң әзірленіп жатыр

KAZINFORM — Бүгінде Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 34%-ы алаяқтық бағытында. Оның тең жартысы — интернет-алаяқтық.

Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

— Бас прокуратура байланыс операторларымен бірлесіп, «Sim-Box» жабдығын анықтау әдістемесін әзірледі. Былтыр осындай 78 құрылғы және заңсыз пайдаланылған 50 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді. Ал, биыл шамамен тағы 30 мың нөмір анықталды, — деді Тимур Тәшімбаев.

Қазіргі таңда нарықта абоненттік нөмірлердің саны өте көп, кез келген адам оларды шектеусіз сатып ала алады, тіпті кейбір дүкендер тауар алған кезде тегін таратады. Сондықтан оларды бақылау оңайға соқпай тұр.

— Өкінішке қарай, бұл мәселе реттеуді қажет етеді. Қазіргі таңда бұл реттеу жүзеге асырылып келеді. Мәжілісте бір қолға берілетін SIM-карталар санын шектеу мәселесін қамтитын заң жобасы қарастырылып жатыр. Онда 10 немесе 5 SIM-карта сынды әртүрлі нұсқалар ұсынылды. Сонымен бірге, несие алу процесіне ұқсас түрде SIM-картаны тіркеу кезінде бейнетексеруді енгізу ұсынылды, — дейді Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Өткен жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әр адамға SIM-карта санын шектеу туралы пікір білдірген еді.

Айжан Серікжанқызы

Сим-карталарды сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру жасалады

KAZINFORM — Елімізде сим-карталарды сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіліп жатыр.

 

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

— Жаңа сим-карталарды сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру енгізіліп жатыр. Сим-карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру және simbox-тарды заңсыз пайдалану жағдайларына қатысты жауапкершілік күшейтілуде, — деді министр Үкімет басшысының сауалына жауап бере отырып.

Спикер сондай-ақ алаяқтыққа қатысты заң нормаларының да күшейтіліп жатқанын атап өтті.

— Жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық талаптар күшейтілуде. Алаяқтардың әрекетін шектейтін бірқатар норма ұсынылды. Ол Парламент депутаттарының қарауында. Осы бағытта жұмыстар жалғасын табады, — деді ол.

Осыған дейін Қазақстанда бір қолға берілетін SIM-карта санын шектейтін заң әзірленіп жатқаны мәлім болды.

Ербол Жанат

IMEI коды тіркелмеген телефондар бұғатталады

Сұр нарықтағы смартфондар бұғатталады. Жауаптылар ІМЕІ коды тіркелмеген телефондарды тексеруге кірісті. 24 наурыздан бастап елге кіргізілген гаджеттердің базасы жасақталып, олар үш топқа бөлінеді.

Ақ, сұр, қара белгімен таңбаланады. Сұр және қара түсті қалтафондардың иелері құрылғылардың елге қандай жолмен жеткізлгенін дәлелдеу керек болады. Заңдылығы анықталса, ақ түске өтеді. Айтайық, елде ІМЕІ коды қайталанған 3,7 млн смартфон бар. Яғни, осыншасы заңсыз кірген. Соның салдарынан ел қазынасы 100 млрд теңге қосымша құн салығынан құр қалып отыр. 

Азамат Серікбаев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы: - "Сұр" тізімге енгеннен кейін біз 30 күндік мерзім ішінде абонент өзінің құрылғысының заңдылығы туралы мәліметтерді бере алмаса, автоматты түрде "сұр" тізімнен "қара" тізімге кететін болады. Сатушының және сатып алушылар өздерін қорғау мақсатында біздер онлайн сервисті іске асырамыз. 24 наурызда ол сервис жүзеге асырылады. Ол сервиске әр азамат ІМЕІ кодты енгізу арқылы телефонның заңды немесе заңсыз түрде кіргені туралы ақпарат ала алады.



24.kz

Қазақстанда халық 23 миллион телефон қолданып жүр

Елде 23 млн-нан астам телефон бар. Ал байланыс номері 26 млн. Бұл жайлы ұлттық статистика бюросы хабарлайды. Ал біздегі бұқара байланыс қызметтеріне жыл сайын шамамен 1,2 трлн теңгесін жұмсайды. Оның тең жартысы интернетке, 250 млрд теңгесін ұялы байланысқа, қалғанын басқа қызметтерге төлейді.  Телефон - 23 млн дана Ұялы байланыс номері - 26 млн дана Байланыс қызметтері - 1,2 трлн теңге

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4