|
Азаматтарға цифрлық ізді жою құқы беріледі
|
Цифрлық кодексте адамның негізгі цифрлық құқықтарын қорғаудың құқықтық негізі белгіленеді, деп хабарлады naryk.kz
Оған қол жеткізу құқығы, құпиялылық және цифрлық сәйкестендіру құқығы, сондай-ақ ұмыту құқығы – интернетте қалдырылған цифрлық ізді жою мүмкіндігі кіреді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Цифрлық ортада сәйкестендіру процедураларының, соның ішінде биометриялық және көп факторлы аутентификацияның қауіпсіздігі мен сенімділігін нығайтуға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба жалғыз білікті қолтаңба нысаны мәртебесін сақтайды. Ал цифрлық растаулар (SMS кодтар, биометриялық деректер және басқа да нысандар) жоғары заңды маңызы жоқ әрекеттер үшін қолданылатын жеңіл сәйкестендіру нұсқалары ретінде айқындалады.
Кодексте электронды және цифрлық құжаттарды пайдалану да реттеледі. Электронды құжат түпнұсқаға балама болып саналады, цифрлық қолтаңбамен қол қойылады, ол жүйеден тыс пайдаланушының құрылғысында немесе сыртқы жадында болуы мүмкін. Сенімділікті арттыру үшін қосымша қауіпсіздік деңгейлері енгізіледі. Олар: қол қою кезінде құжатты міндетті түрде визуалды түрде көрсету; жүктеу сайын міндетті түрде қолтаңбаны тексеру; жоғары тексеру стандарттары, бұл электрондық құжатты қағаз нұсқасына қарағанда қауіпсіз етеді және жалған құжат жасаудың алдын алады.
Цифрлық құжат ұлттық анықтамалық деректер тізіліміне кірген кезде динамикалық түрде жасалады және түпнұсқамен тең болады. Цифрлық ақпарат ұлттық тізілімдерден алынған заңды маңызды деректер ретінде танылады.
Алғаш рет смарт-келісімшарттардың құқықтық режимі заңнамалық деңгейде бекітіледі.
Қазақстан цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындамақшы
KAZINFORM — Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе екі заң жобасы қаралып жатыр. Құжаттарды Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева таныстырды.
Жаңа Цифрлық кодекс цифрлық ортаға құқықтық мәртебе беріп, деректер мен платформаларды айналымға енгізуге арналған. Осылайша цифрлық деректер, жүйелер, ресурстар мен инфрақұрылым құқық объектісі болып танылады.
— Кодекстің негізгі бөлімі цифрлық құқықтар ұғымын айналымға енгізеді. Олардың мынандай екі түрі болады:
— айналымдағы цифрлық құқықтар — цифрлық қаржы активтері және тауарлық цифрлық активтер.
— қол жетімділікті, пайдалануды және басқа да материалдық емес мүмкіндіктерді ұсынатын утилитарлық цифрлық құқықтар.
Бұл норма нақты секторды токендеуге және цифрлық активтер нарығын одан әрі дамытуға негіз жасайды. Цифрлық деректер айналымының құқықтық режимі енгізіледі. Жазбалар түріндегі цифрлық деректер алғаш рет құқық объектісі ретінде танылғалы отыр. Бұл дегеніміз, деректер экономикалық құндылыққа ие болып, азаматтық негіздегі айналымға қатыса алады, — деді депутат.
Айта кету керек, Қазақстанда цифрлық кодекс қабылдау мәселесі 2022 жылдан бері айтылып келген еді.
Есімжан Нақтыбай