Азаматтар зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керек - Тоқаев
Азаматтар зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсай алуы керек - Тоқаев
5 жыл бұрын 2816

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Алдағы жылдары жағдай өзгеруі мүмкін. Зейнетақы жинақтаушы азаматтардың саны айтарлықтай азайып, зейнеткерлер саны артады.  Бұл жағдайда зейнетақы активтерінен түсетін инвестициялық табыс көлемі де төмендейді. Сондықтан, Үкіметке Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жүйесін тиімді ету бойынша маңызды жұмыс істеу керек. Қазір жұмыстағы адам өзінің зейнетақы қорын зейнетке шыққаннан кейін ғана пайдалана алады. Адамдардың бұл қаржыны зейнетке шыққанға дейін қолдану ниеті түсінікті. Сондықтан, Үкіметке жыл соңына дейін жұмыстағы азаматтардың зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мысалы, баспана сатып алу үшін немесе білім алу үшін. Шығындарды азайтып, активтерді инвестициялық басқарудың сапасын жақсарту үшін Үкіметке бюджеттік жүйені шоғырландыру мәселесін зерделеу, әлеуметтік қамтамасыз етуде бірыңғай әлеуметтік қор мен бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

0 пікір
Мұрағат