Автожаңалықтар: Қазақстанда қандай көліктер құрастырылады?
Автожаңалықтар: Қазақстанда қандай көліктер құрастырылады?
7 жыл бұрын 4562

Биыл 10 ай ішінде Қазақстанда 115 млрд теңгеге 14,6 мың техника құрастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап. 

Қазақстан автобизнес ассоциациясының мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда, жеңіл автолардың үлесіне 12,9 бірлік тиесілі. Мұнымен қатар, 545 автобус және 1,1 жүк көлігі құрастырылды. Көліктерді негізінен алты зауыт жасап шығарған. Осыған орай, аталған басылым тілшісі Қазақстанда қандай көліктердің құрастырылатынын анықтады.

Жергілікті кәсіпорындар әлемдік маркалы жеңіл және джип көліктерінің 50 моделін жасап шығарады. Бәрінен көп Lada маркасының 13 моделі құрастырылады. Ең арзан көлік Ravon Nexia болып шықты. Оның бағасы — 2,5 млн теңге. 2016 жылы ең арзан көлік Lada Priora болып, ол 1,7 млн теңгеге сатылған. Алайда қазіргі таңда Қазақстанда бұл модель құрастырылмайды.

Қазақстанда құрастырылатын көліктердің ең қымбаты — KIA Quoris. Оның бағасы — 17 млн теңге. Қаржы эквивалентіне сәйкес, қаңтар және қазан айлары аралығында «СарыарқаАвтоПром» зауыты 55,8 млрд теңгеге көлік құрастырған. Бұдан кейінгі орын «Азия Авто» компаниясына тиесілі. Аталған зауыт 34,6 млрд теңгеге көлік құрастырып шыққан.

«КАМАЗ-Инжиринг» — 11,6 млрд теңге, «Hyundai Auto Kazakhstan» — 3,8 млрд теңге, «Daewoo Bus Kazakhstan» — 2,2 млрд теңгеге және «СемАЗ» — 1,7 млрд теңгеге көлік құрастырған. Ал сан жағынан «Азия Авто» алда. Бұдан кейінгі орындар «СарыаркаАвтоПром» мен «КАМАЗ-Инжирингке» тиесілі. 

0 пікір
Мұрағат