Атыраулық өнертапқыш қуат өндіру қондырғысын өз қолымен құрастырды (видeо)
Атыраулық өнертапқыш қуат өндіру қондырғысын өз қолымен құрастырды (видeо)
9 жыл бұрын 3632

Атыраулық өнертапқыш қаланы көгалдандыру жобасын жүзеге асыруға арналған баламалы қуат көзін ойлап тапты. Жел мен күн энергиясын пайдалану арқылы жұмыс істейтін алғашқы қондырғы қазір құрастырылып тұр. Автордың айтуынша, енді қондырғының қуатын арттырса, өндірістік мақсатқа пайдалануға болады. Қаланың жеке секторында тұратын Мұрат Нұрсұлатановтың үйін табу кімге болса да еш қиындық туғызбайды. Шатырда самсаған жел қондырғысының қалақтары мен үй маңындағы күн суәлесін жинайтын батареялар алыстан менмұндалайды. Мұнан өзге де үйге керекті құрал-жабдықтардың барлығын шебер жігіт өз қолымен құрастырған. Тіпті автоматты қақпа да талапты жанның қолынан шыққан. Бағасы базардағыдан 6 есе арзан. Себебі ол түрлі темір қалдықтарынан құрыстырылған. Ал электр қондырғысын құрастыру туралы бастама Мұратты көп жылдан қызықтырады екен. Себебі күн санап өнеркәсібі өрлеп келе жатқан мұнайлы өңірде электр қуатына деген сұраныс өте жоғары. Осыны ескерген өнертапқыш жігіттің алғаш қолға алғаны – жел қуаты мен күн суәлесін қабат тұтынатын гибрид қондырғы. Баласы мен інісін көмекке алған Мұрат алдымен схемасын сызып, кейін 2 жылдан соң қондырғының өзін құрастырып шығыпты. Мұрат Нұрсұлтанов, өнерпатқыш: - Алғашында 1 кВт қуаттылыққа дейін жеттік. Жарты жылдай сынақ өткіздік. Өзін-өзі ақтап шықты. Қазір отырған лабораториямыздың өзін жарықпен қамтамасыз етіп тұр. Қазіргі уақытта 3 кВт-тық қуаты бар генераторды да жасап қойдық. Бүгін ауа райы бұлтты, жел баяу. Секудына 3 метр жылдамдықпен ескен баяу желдің өзі тұрмысқа керекті 220 Вольтты қуат алуға толық жетіп тұр. Мұраттың қолқанаты ұлы мен інісі үшін бұл жай ермек емес, Жеткіншектер қазірдің өзінде күрделі сызбалармен жұмыс жасап, шағын қондырғылардың қыр-сырын меңгеруге ұмтылуда. Нұрбек Кұлжанов, ұлы: - Осы әкемнің қасында көмектесіп жүрмін. Жанымда інім бар. Осы желден тегін тоқ алу маған да өте қызық.  Жобаны ары қарай жалғастырғымыз келеді. Мүмкіндік болса, EXPO-ға барғымыз келеді. Мұрат бастаған атыраулық өнертапқыштар болашақ EXPO-ға қатысуға тынбай талаптануда. Жобалар да жеткілікті. Талапты жігіт демалыс орындарында гаджеттерге қуат беретін шағын қондырғы құрастырмақ ниетте. Ол күн сәулесінен қуат алатын болғандықтан демалушыларға тегін қызмет көрсетеді. Егер мемлекет тарапынан қолдау болса, Мұрат өз жобаларын кеңейтіп, өндірісте жүзеге асыруды армандайды.  

0 пікір
Мұрағат