Астанада үш баланың әкесі бала бағушы болып жұмыс істейді
Астанада үш баланың әкесі бала бағушы болып жұмыс істейді
9 жыл бұрын 3233 Қыздарымe біргe

Астананың 28 жастағы тұрғыны Бауыржан Канкин "бебиситтер" (келіп-кетіп жүретін бала бағушы) болып жұмыс істеп көргісі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бірнеше жыл бұрын Суперняня.кз жобасын жасапты, бұл жобаның қызметі арқылы қазақстандықтар бала бағушы таңдайды. Ал осы жолы ол жобасының нәтижесін іс жүзінде тексеріп көрмекші екен, сонымен қатар ата-ананың бала бағушыны таңдаудағы ойын түсінгісі келеді.  

"Бұл жоба өз қажеттіліктеріме байланысты шықты. Жұбайым қыз босанды, біз салауатты өмір салтын ұстанатын едік, әйелім де бір іспен айналысқысы келді, содан біз бала бағушы іздей бастадық. Біз екі ай бойы іздедік. Содан жақсы маман табудың қиын екенін түсініп, осындай жоба арқылы барлық бала бағушы мен ата-ананы біріктіргіміз келді", - деді ол. Бауыржан Канкин анкетасын биыл 10 ақпанда жариялады. Ол клиенттерінің арасында соншалықты танымал емес екенін мойындап отыр, себебі барлығы бөгде ер адамнан қауіптенетін көрінеді. 

Анкетада бебиситтердің сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қызмет ұсына алатыны айтылады. "Сіздің балаңызбен таза ауада немесе аулада бірге қыдыра аламын. Балаларға көпшілік алдында сөз сөйлеуді, шахмат ойнауды, үлкен теннис ойнауды, бизнес ашуды үйрете аламын. Балаға уақытын қызықты өткізуге кепіл беремін", - деп жазды Бауыржан Канкин өзі жайлы.

Алайда, адамдар бұл жазбаға қатысты екіұшты ой айтты. "(...) Бастапқыда клиенттер таңғалатын. Себебі онда сақалы бар ер адам тұрады. Ал анкетаны оқыған аналар оң пікір білдіреді. Кейін анкетаға осы жобаның негізін қалаушы екенімді қостым. Бізде бір жігіт болған, ол күні бойына екі баланың бағушысы болып қызметке тұрды, ол балалармен футбол ойнайды. Сондықтан балалардың анасы қарсы болмапты. Әр клиенттің өз талабы болады, біреу ер адам болса бірден "жоқ" дейді. (...) Әдетте мен балалармен аулада жүруге болса ғана серуендеймін. Балалар әрқашан таза ауада ойнағанды ұнатады. Мен 3-6 жас аралығындағы баланы қарап беремін", - дейді ол. 

Канкин бір-екі сағатқа шаруасын тындырып келетін аналардың жиі бебиситтер шақыратынын айтады, мәселен аналар көлік жүргізу курсына баратын кезде, ал кейде жәй ғана ұйықтап алуға шақыратын көрінеді.

"Әрбір анкетаға өз сұранысы болады. Менің қызметімді пайдаланатындар көп емес. Бірақ маған үйреніп қалған клиенттер хабарласады. Яғни бір рет шақырғанда ұнатса болды", - дейді Бауыржан.

Канкин тағы бір айға жуық бала бағушы болып жұмыс істегісі келетінін атап өтті. 

"(...) Мен үшін жұмыстың психологиялық бөлігін түсіну маңызды болды. Біз жобаны тек сағаттап жұмыс істейтін бала бағушылар бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мен бұл позицияда ер адамдардың қаншалықты өзекті болатынын түсінуім керек", - деді ол.

0 пікір
Мұрағат