Астанада "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтуде
Астанада "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтуде
10 жыл бұрын 3370

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және 300-ден аса партиялық Астана қалалық филиалының ХІХ есептік-сайлау конференциясына қатысуда.

Олардың қатарында қалалық Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партиялық Сайлауалды тұғырнаманың кураторлары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және т.б. ұйымдардың өкілдері бар.

Жиын барысында партияның Астана қалалық Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланады. Жаңа құрамға мемлекеттік қызмет, білім беру мен ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, салалық экономика мен қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысшылары, жасотандықтар, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдері сайланады.  

Партиялықтар «Нұр Отанның» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асырылуын талқылап, Астана қаласының Сайлауалды тұғырнамасы орындалуының соңғы 2,5 жылдағы аралық қорытындыларын жасайды.

Партияның Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы:

Астанадағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Мысалы, а.ж. II тоқсанында бұл көрсеткіш 0,3%-ға төмендеп, 5,2%-ды құрады;

Сәбилердің шетінеуі 21,4%-ға төмендеп, 100 мың балаға 7-ді құрады;

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да жыл сайын артып келеді. Мысалы, алдыңғы жылмен салыстырғанда, олар 4,3%-ға артып, барлығы 9 076 субъектіні құрады;

903,6 мың шаршы метр тұрғын-үй қолданысқа берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары (01.11.2014 жылғы жағдай бойынша).

0 пікір
Мұрағат