Арнайы экономикалық аймақтардың ел экономикасындағы орны қандай?
Арнайы экономикалық аймақтардың ел экономикасындағы орны қандай?
7 жыл бұрын 4806 naryk.kz

Қазақстандағы АЭА (арнайы экономикалық аймақтар) аумағында 157 жоба іске қосылды (оның ішінде 32 шетелдің қатысуымен). 651 млрд. теңге инвестиция салынды, 11 мың 600-ден астам жұмыс орны құрылды.

Бюджетке салық түрінде 107 млрд. теңгеден астам қаржы қайтарылды. Инфрақұрылым бюджеттік шығынның әр теңгесіне АЭА қатысушылары 2,4 теңге инвестиция салды.

Бұл туралы бүгінгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Министрдің айтуынша, биыл 100 млрд. теңге болатын 24 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, тағы 20 жоба құрылыс жұмыстарын бастайды. Бұл жобаларда 3 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 10 АЭА инфрақұрылымына шамамен 275 млрд. теңге салынған. 5 АЭА (Оңтустік, Бурабай, Сарыарқа, ИТП, Қорғас) инфрақұрылымы толығымен аяқталған, қалған АЭА-дағы инфрақұрылымның құрылыстары жүргізілуде.

АЭА режимі «Қорғаста» заманауи  логистикалық кластердің негізін қалауға, Астанада темір жол машина жасау жүйесін құруға, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібін жаңартуға және «Тараз химиялық паркі» мен «ҰИМТ»  АЭА химия және мұнай-химия кластерлерін құруға мүмкіндік берді.

0 пікір
Мұрағат