Алматыда терроризммен күрес үшін 23,5 миллион теңге бөлінген (ВИДЕО)
Алматыда терроризммен күрес үшін 23,5 миллион теңге бөлінген (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2826 qamshy.kz

Алматыда терроризммен күрес үшін 23,5 миллион теңге бөлінген, - деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат көзі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңес алдында Алматы қалалық дін істері басқармасы есеп берді. Былтыр мен биыл атқарылған шаруаларын тізбектеген бөлім басшысы бірқатар жұмыстардың атқарылғанын жеткізді. Аталған басқармаға қазынадан 2015 жылы 51 млн теңге бөлінген. Соның 23 млн 500 мың теңге экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыс жасауға, сондай-ақ ақпаратты жүргізуге 9 млн теңге, семинар-тренингке 8 млн 445 мың теңге бағытталыпты.

"Алматы қаласы бойынша 178 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішіндегі 46-сы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қатысты, яғни олардың филиалдары діни басқармасы - муфтиятың филалы ретінде мешіттер. Мешіттердің қызметі қазір Алматы қаласында өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр",- дейді Алматы қаласы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Әсет ДОСКЕЕВ.

0 пікір
Мұрағат