Алматыда қазақ үй түріндегі баспаналардың құрылысы басталды (фото)
Алматыда қазақ үй түріндегі баспаналардың құрылысы басталды (фото)
8 жыл бұрын 8663 Stan.kz alashainasy.kz

Әлемде қазақ үй түріндегі күмбезді үйлер күн санап бой көтеріп келеді. Бұл технология батыс елдерінен бастау алды. Дөңгелек үйлерді салу шаршы үйлерді салғаннан әлдеқайда арзанға түсетін көрінеді. Оның үстіне үй ішіне жиһаздарды қою да қиындық тудырмайды.  

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды. Сондай-ақ, мұндай үйлерде жылу да үнемді пайдаланылады.

Күмбез үйлерге қымбат іргетастың да қажеті жоқ. Мұндай үйлер ағаш қаңқалармен тұрғызылады. Төменгі жағы темір қазықтармен тартылады. Үйдің қабырғаларына жылылықты ұстап тұру үшін арнайы көбіктер қолданады.

Осындай күмбезді үйлердің бірі Алматыда да салына бастады. Үйдің аумағы 38 шаршы метрді құрайды. Үйдің құрылысы бірнеше айда аяқталуы тиіс. Коттедж сатып алушылар үшін 4,2 миллион теңгеге бағаланады.

Алайда, 3,6 миллион теңгеге құрылыс заттарын сатып алып, үйді 150 шаршы метр жерге өзіңіз салсаңыз әлдеқайда тиімді болмақ.

1 пікір
  • Көшпенді қазақ халқын сақтап қалуына септігін тигізген осы киіз үй емес па? Қазір ешкім оны керек етпей жүр.
    8 жыл бұрын
Мұрағат