Алматыда мешіттен қыруар ақша ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды (видео)
|
Алматыда мешіттен қыруар қаражат ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды. "16 наурызда Алматыда мешіттердің бірінде досымды тонап кетті. Әмиянында қыруар ақша, жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, кредит картасы, смартфоны болған. Мешіт Яссауи көшесінде, нақты мекен-жайын білмеймін. Қылмыс түсірілген видео да бар, осы видеоны жариялауыңызды өтінемін. Осыны көріп, бұл жігіт қайтарып берер", - делінген Instagram желісіндегі kaztwitter парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.
Алматы полициясының өкілдері ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Мұндай дерек шын мәнінде болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. Жедел уәкілдер видеобақылау камераларындағы мәліметтерді тексеріп жатыр. Бұл жақсы дәлел. Әуезов аудандық ІІБ аясында құрылған жедел-тергеу тобы қазіргі уақытта күдіктіні анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.