Әлемнің алты миллиардыншы тұрғыны Алматыда тіркелді
Әлемнің алты миллиардыншы тұрғыны Алматыда тіркелді
8 жыл бұрын 3649

Алматыда ғаламның алты миллиардыншы адамы куәлік алды. Ерекше демографиялық атауға ие Рәбия Ермұханова 16 жыл бұрын жердегі жетінші миллиардтың көшін бастаған болатын. Содан бері ғаламшардағы халық саны 1 жарым миллиардтай адамға артып, бүгінде 7 жарым миллиардқа жақындаған. 

Ал отандасымызға атақты Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде берген деп хабарлайды nur.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

16 жыл бұрын 12 қазан күні күллі әлем Жердегі 6 миллиардыншы адамның дүниеге келуін күткен. Санақ бойынша мұндай құрметті отандасымыз Рәбия Ермұханова иеленді. Ол дәл сол сәтте өмірге келген босниялықтан санаулы секундтарға ерте туылып, жер шарының алты миллиардыншы тұрғыны болып тіркелді. Бойжеткеннің өзі бұл туралы 5 жасқа келгенде ғана біліпті.

“Әлемдегі 6 миллиардыншы адам болу керемет сезім сыйлайды. Бұл атақ жайында әлі күнге дейін жер-жерде жазылып жатыр. Мәселен, география пәнінің оқулығында мен туралы ақпарат бар. Оқушылардың бәрі қызығушылық танытып, түрлі сұрақ қояды”, – дейді Жердегі 6 миллиардыншы адам Рәбия Ермұханова.

Рәбия алғашында бұл атақты сезіне алмағанын айтады. Ал 11 қарашада ресми түрде төлқұжатын иеленіп, құттықтаулар мен құшақ-құшақ гүл шоқтарын алған ол өзінің ғаламшардағы ерекше адам екенін сезіне түскендей. Әлемдегі құрметті атаққа ие қазақ қызы қазір тоғызыншы сынып оқушысы. Түрлі білім бәйгелерінде оза шапқан Рәбияның талабы да зор. Ал «Ғаламдағы 6 миллиардыншы адам» деген атақты оған Біріккен Ұлттар Ұйымы берген. Мұны алғаш рет телефон арқылы естіген әкесі де аң-таң болғанын айтады.

“Біз өзіміз түсінбей қалдық. Бұл қандай мейрам. Бұл мейрамның мағынасын біз өзіміз түсінген жоқпыз. Болса болсын деп біз ондай көңіл де бөлген жоқпыз”, – дейді Рәбияның әкесі Манарбек Ермұханов.

Отбасындағы тұңғыш перзентті күллі әлеммен қоса, ата-анасы да ұзақ күтіпті. Қазір ол артынан ерген қос бауырына да қамқор. Ғаламдағы ерекше жан болашақта сәулетші болып, туған қаласын көркейту үшін атсалыспақ арманы бар.

 

0 пікір
Мұрағат