Жаһан: Селфи-тәуелділікке қарсы дәрі сатыла бастады
Жаһан: Селфи-тәуелділікке қарсы дәрі сатыла бастады
9 жыл бұрын 2708 ҚазАқпарат

Ұлыбританияда селфи-тәуелділіктен арылтатын дәрі сатыла бастады. Metro жазғандай, бұл препараттың тынысты ашатын жағымды жалбызды дәмі бар. Селфиге тәуелді адамдарға ол психолгиялық тұрғыдан әсер етеді, ал тікелей дәрілік әсері  жоқ десе де болады.

Өзін жиі фотоға түсіруге құмар жандарға бұл дәрі біраз пайдасын тигізетін болады. Алайда бұл дәрінің де басқа дәрілер сияқты қолдану нұсқаулығы бар.

Дәріге сипаттамада оның бірегейлігі, ерекшелігі және жасырын жеткізу мүмкіндігі көрсетілген. Бір қызығы, оны әйелдерге (нәзік жандыларда тәуелділік басым болғандықтан болар)  үш рет, ерлерге екі рет тұтыну ұсынылады.

Дәріге  британдық AntiSelfieTabs интернет дүкенінің ресми сайтынан тапсырыс беруге (бағасы 2,99 фунт - 4,5 доллар) болады. Бір қорапта 36 жалбызды кәмпит. Бір уақытта бес орамаға тапсырыс беруге болады

 

Индонезия есірткі сатып сотталғандарды қолтырауындарға күзеттірмек 

Индонезияда Есірткімен күрес ведомствосының басшысы Буди Вазезо өлім жазасына кесілгендерге арналған арнайы түрме салуды ұсынды, деп жазады russian.rt.com.

Ол түрмеде есірткі таратып, сатумен айналысқан сотталушыларды қолтырауынға күзеттірмек. Бұл идеяны ол Вазезо Джеймс Бонденің «Өмір сүр және өлуге мұрсат бер» фильмінен алғанын айтты.

«Қолтырауындарды сатып ала алмайсыңдар. Қанша тапсақ, сонша қолтырауынды күзетке қоямыз. Бұл үшін кәрлі қолтырауындар табуға тырысамын», деген ведомство басшысының сөзін келтіреді The Guardian.

0 пікір
Мұрағат