АЭС салу шешімі қабылданады ма?
АЭС салу шешімі қабылданады ма?
5 жыл бұрын 2619

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы атом электр стансасы (АЭС) құрылысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды arhar.kz порталы Zakon.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл туралы айту қиын, бірақ, мәселен, егер Бангладеш атом электр стансасын салып жатыр десек – бұл жақсы ма, жаман ба? Олар бізге қарағанда дамыған мемлекет пе? Олар үшін бұл алға жасалған қадам. Мен бұл тақырыпта пікірталас құра алмаймын, бірақ, Қазақстанда атом стансасы құрылысы туралы әлі ешқандай шешім қабылданбағанын нық сеніммен айта аламын, біз әзірге станса құрылысы мүмкіндігін зерттеу кезеңінде тұрмыз. Оның ішінде сол технологияларды шығаратын елдерге сұрау салып, бағаларын анықтаудамыз, станса қажет пе, қажет емес пе деген мәселені анықтау үшін, — деді ол.

Оның сөзінше, үкімет пен «Самұрық-Қазына» техникалық параметрлерді анықтағаннан кейін «бұл мәселе қоғамның талқылауына салынады». Президентіміз Семейде болғанда бұл мәселе қоғамның пікірін ескерумен ғана шешілетінін айтқан. Ал, бірақ, бұл мәселені зерттеуге бізге ешкім де тыйым сала алмайды, — деп түсіндірді Бозымбаев.

Сол сәтте журналистер министрден «Чернобыль» сериалын көрдіңіз бе, оған қатысты не ойлайсыз деген сауал қойды. Ол сериалды көрген жоқпын, уақытым болмады. Әдетте көркем фильмдер мен сериалдар адамның санасына өзінше әсер етеді, бірақ, бір реалды өмірде жүрміз. Реалды өмір сериалдағы өмірден өзгешелеу келеді, – деп құтылды ол.

0 пікір
Мұрағат