7 күдіктіні тапқан адамға 5 млн теңге сыйақы беріледі
7 күдіктіні тапқан адамға 5 млн теңге сыйақы беріледі
8 жыл бұрын 4227 Baq.kz

Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 7 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы антитеррорлық операцияға қатысы бар 7 күдікті әлі іздестіріліп жатыр. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, олардың мекенжайын айтқан адамға 5 миллион теңге тағайындалды.

Іздеу жарияланған күдіктілер:

Дмитрий Таңатаров – 1989 жылы туған, Ақтөбе қаласы

Арсен Таңатаров – 1990 жылы туған, қазақ, Ақтөбе қаласының Қарғалы селолық округы

Айдос Жұбанов – 1985 жылы туған, қазақ, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Михайловка ауылы

Бақыт Қуанышбаев –1983 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысының Сырдария ауданы

Нұрлан Сейілов – 1985 жылы туған, Ақмола облысының Есіл ауданы

Әлібек Ақпанбетов – 1989 жылы туған, Ақтөбе облысы

Айдар Башимов –1988 жылы туған, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде белгісіз біреулер екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Полицейлер мен қылмыскерлер арасындағы қарулы қақтығыс кезінде 13 қылмыскердің көзі жойылып, бесеуі ұсталды. Сонымен қатар, 7 адам мерт болды. Оның үшеуі 3 бейбiт тұрғын.

0 пікір
Мұрағат