30 жылдан соң еліміздегі қарттар қарасы екі есе көбейеді
30 жылдан соң еліміздегі қарттар қарасы екі есе көбейеді
4 жыл бұрын 3206 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

2050 жылға қарай жасы 65-ке келген және бұл межеден асқан қарттар қарасы 2019 жылғы мәліметпен салыстырғанда екі есеге көбейеді, яғни, 3,4 млн адамға етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының ел тұрғындары саласындағы қорының таяуда жарияланған баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысымен және БҰҰ-ның аталмыш қорының техникалық қолдауымен жүргізілген екен. Бұл бағыттағы зерттеу материалында айтылғандай, Қазақстан бүгінде демографиялық қартаюдың алғашқы сатысында тұр. 2019 жылғы еліміздегі қарттар қарасы 1,4 млн болса, бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 3,4 млн-ға жетпек. Яғни, 2019 ылы еліміздегі қарттар қарасы ел тұрғындарының 7,5 пайызын құраса, бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 14 пайыздан асады. Белсенді ұзақ ғұмыр индексінің жиынтық мәні бойынша Қазақстан 30 елдің ішінде онынша орыннан көрінген. Десе де ұлттың қартаю процесі тек Қазақстанға ғана тән емес, әлемнің көптеген елдері, соның ішінде дамыған мемлекеттерде орын алып отыр. Аталмыш процестің кері әсері жұмысшы күшінің жетіспеуі, яғни, еңбекке жарамды азаматтардың сиреуі түрінде көрініс тауып, қарттарға көрсетілетін әлеуметтік шаралар мен зейнетақы секілді ел бюджетін ортайтып кететін қаржылық шығын өз кезегінде ел экономикасына ауыр салмақ түсіреді.

0 пікір
Мұрағат