2020 жылы сәбидің бір жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақының мөлшері қандай болады
|
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова 2020 жылы сәбидің бір жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы мөлшерінің қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылы 1 жасқа толмаған сәбидің күтімі үшін республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақының мөлшері бір бала үшін – 15 050 теңге, екі бала үшін – 17 794 теңге, 3 бала үшін – 20 512 теңге, 4 және одан да көп бала үшін 23 255 теңгені құрайды.
Сонымен қатар Жақыпова анасы бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзімде, мемлекет ол үшін БЖЗҚ-ға міндетті зейнатақы төлемін қосымша енгізетінін айтты. Бұл ретте сәбидің анасының декреттік демалысқа дейінгі аударымдары ескеріледі.
Айта кетсек, елімізде 2020 жылдан бастап әйелдерге сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ережені ұсынды.
Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды
2020 жылдан бастап баланың анасы жұмысқа шыққысы келген жағдайда оған бала күтіміне берілетін жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік Мәжіліс барысында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңнаманың жаңа нұсқасын таныстырды.
"Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында бала бір жасқа толғанға дейін ата-анасы жұмысқа шықса немесе кәсіпкерлікпен айналысса да оларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жалғастыра беру ұсынылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай Оның айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін төмендетіледі.
Сондай-ақ, Жақыпова 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бір бала үшін 15 050 теңге, екі балаға - 17 794 теңге, үш балаға - 20 512 теңге, ал төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңге болатынын айтты.