2019 жылдан бастап полигонға 19 қоқыс түрін тастауға тыйым салынады
|
2019 жылдан бастап Қазақстандағы қоқыс полигондарына тұрмыстық қалдықтардың 19 түрін тастауға тыйым салынады.
Бұл туралы 24kz хабарлады.
Ақтауда қоқыс сұрыптау ісі басталып кетті. Әрбір көпқабатты үйдің ауласына пластикалық құтыларға арналған торлы жәшіктер қойылып жатыр. Екі аптаның ішінде 100 шақтысы орнатылған. Мұндағы қоқыстар аптасына бір рет алынып, қайта өңдеуге жіберіледі.
Алдағы уақытта әйнек, полиэтилен қапшықтар мен картон қағаздарына да жеке контейнерлер орнатылады. Ол үшін арнайы орындар белгіленді.
“Қоқыс жәшіктерді экологиямызды тазарту үшін қойып жатырмыз. Барлық қоқыстарды бөлек бөлшектеп жинап, жиналған пластикалық құтыларды, баклашкаларды біз қайта өңдеуге зауытқа, Атырауға, Ресейге жібереміз. Халық ақырындап үйреніп жатыр бұған. Қазіргі күнге 100 шақтысын қойдық. Жоспарымызда әлі наурыздың аяғына дейін 300-ге дейін көбейту мақсаты тұр”, -дейді қоқыс контейнерлерін қондырушы компанияның директоры Нұрқия Бекниязова.