|
2017 жылы кибершабуылдардың кесірінен қазақстандықтар қанша млн доллар жоғалтты
|
2017 жылы Қазақстан азаматтары кибершабуылдардан 1 млн долларға дейін жоғалтты деп жазады LSM.kz.
“Касперский лабораториясының” Моңғолия және Орта Азия елдері бойынша басқарушы директоры Евгений Питолиннің айтуынша, бұл нақты цифр емес. Өйткені, Еуропаның кейбір елдері сияқты Қазақстандағы команияларға заң кибершабуылдан келген зиян туралы ақпаратты жариялауды жүктемейді.
“Шығын 1 млн доллардан кем емес. Бұл қарапайым жүйемен есептелген көрсеткіш. Шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Қазақстан киберашабуылдың кесірінен қаржылай шығынға жиі ұшырайтын бес елдің қатарына кіреді”,-деді Евгений Питолин.
Оның айтуынша, 2018 жылы кибершабуылдардан мемлекеттік органдар, өндіріс орындары, шағын және орта бизнес өкілдері көбірек зардап көруі мүмкін екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...