2016 жылы Астанада Ислам азық-түлік ұйымы құрылмақ
|
2016 жылы Астанада Ислам азық-түлік ұйымының штаб-пәтерін орналастыру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлім етті.
Айта кетейік, аталған ұйымды құру идеясын ҚР Президенті Н. Назарбаев 2011 жылы 28 маусымда Астанада Ислам ықпалдастығы ұйымының саммитінде жария еткен болатын.
«ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы қолдау білдірді. Осы уақытқа дейін дайындық шаралары жүргізілді. Келесі жылы ұйымға мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығы министрлерінің құрылтай конференциясы өтеді және аталмыш азық-түлік ұйымның Астанадағы штаб-пәтері құрылады. Тиісті жұмыстарды бастап та кеттік. Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы қазақстандық тауарлардың экспортқа шығуына ықпал жасайтын алаңдардың бірі болмақ», – деді вице-министр.